Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық режимдер сипаттамасы

0
456

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 18:43, реферат

Описание работы

Осы тақырыпты таңдаудағы менің негізгі мақсатым Қазақстанның мемлекеттік билігіндегі саяси процестердің жүзеге асу формаларын зерттеу болып табылады. Біздің мемлекет әлі де болса бір саяси режимнен екінші саяси режимге, атап айтқанда тоталитаризмнен демократияға, ауысу кезеңінде орналасқандықтан бұл мәселенің зерттелуі өте маңызды болып табылады.
Өз жұмысымда мен саяси режимдердің түрлері мен сипаттамасын, белгілерін, принциптерін, кемшіліктері мен жақсы жақтарын, бұл терминдерді толығымен ашып көрсетуге тырыстым.

Содержание работы

Кіріспе
І. Саяси билік деген не? Оның мәні мен түсінігі.
ІІ. Саяси биліктің түрлері.
Тоталитаризм
Авторитаризм
Демократия
ІІІ. Демократиялық қоғамға көшу.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

реферат.САЯСИ РЕЖИМДЕР.docx

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Тақырыбы: Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық режимдер сипаттамасы

Орындаған: Жармухамбетова Р. ШТ-23

І. Саяси билік деген не? Оның мәні мен түсінігі.

ІІ. Саяси биліктің түрлері.

ІІІ. Демократиялық қоғамға көшу.

Осы тақырыпты таңдаудағы менің негізгі мақсатым Қазақстанның мемлекеттік билігіндегі саяси процестердің жүзеге асу формаларын зерттеу болып табылады. Біздің мемлекет әлі де болса бір саяси режимнен екінші саяси режимге, атап айтқанда тоталитаризмнен демократияға, ауысу кезеңінде орналасқандықтан бұл мәселенің зерттелуі өте маңызды болып табылады.

Өз жұмысымда мен саяси режимдердің түрлері мен сипаттамасын, белгілерін, принциптерін, кемшіліктері мен жақсы жақтарын, бұл терминдерді толығымен ашып көрсетуге тырыстым.

Саяси режимнің анықтамасынан бастаймын. Әрбір мемлекетте белгілі бір саяси режим билік етеді. Саяси режим қоғамдағы мемлекеттіл саяси биліктің жүзеге асу әдістері, формалары мен тәсілдерінің жинағын, қоғамдағы саяси бостандық, тұлғаның құқықтық мәртебесі мен елдегі саяси жүйенің белгілі бір типін анықтайды.

Режим — билік құрған класстың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жиынтығы, басқару.

Қазіргі кезде әлемде бір – бірінен аз ғана отличатся 140-160 режим туралы айтуға болады.

Антикалық философ Аристотель билік классификациясын анықтауға болатын екі критерийді көрсетті:

1) биліктің кімнің қолында екендігіне;

2) осы билік қалай қолданып жатқанына байланысты.

Мемлекеттің “дұрыс “ формалары: монархия (бір ғана адамның және оның ұрпақтарының шексіз билігі), аристократия (тек “жақсылардың” қолындағы ғана билік), полития (орта таптың қолындағы билік).

Мемлекеттің “дұрыс емес ” формары: тирания (тиранның қолындағы билік), олигархия (азшылықтың билігі), демократия (халық бтлігі).

Бірақ, уақыт өте келе қоғамды басқарудың типтері эволюцияға ұшырап, Аристотельдің бұл классификациядан ажырады. Мемлекетте билік құрудың жаңа типтері, жаңа саяси режимдер пайда болды.

Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатына, еркіндік деңгейіне, билік органдарына, құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.

Сөйтіп, қазіргі кездегі әлемде билік құрған негізгі үш саяси режимді бөліп қарастыруға болады. Олар: тоталитаризм, авторитаризм және демократия.

І. Саяси режим деген не, оның мәні мен түсінігі.

Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру қағидалары.

Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алады. Саяси режим келесідей сұрақтарға жауап беруге көмек береді:

— билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;

— саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;

— қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;

— қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;

— саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.

Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады:

— адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі;

— мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері;

— мемлекет пен қоғамның өзара қарым — қатынас сипаты;

— саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы;

— саяси институттардың қалыптасу жолдары.

Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға, сондай – ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:

— саяси – қоғамдық процесстердің интенсивтілігі және даму деңгейі;

— басқарушы элитаның құрылысы және оның қалыптасу механизмі;

— қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;

— бюрократиямен қатынас жағдайы;

— қоғамда басқарушылық легитимді болу деңгейі;

— қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық – саяси дәстүрлердің әрқилылығы.

Осы айтылғандарға байланысты саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

І.1.Тоталитарлы саяси режим

Тоталитарлы саяси режим — мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Осындай режим орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын — сүргінге ұшыратылады.

«Тоталитаризм» терминін саяси айналымға ХХ – ғасырдың басында итальяндық фашизмнің идеологы Дж. Джентиле енгізген болатын. Ал оны ең алғаш қолданған саясаткер — итальяндық фашистер лидері Б.Муссолини. 1925 жылы ол итальяндық парламентте өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай – ақ Германияда, Испанияда, СССР – да және Румынияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар.

Тоталитарлы қоғамның К. Фридрих және З. Бжезинский бойынша белгілері:

Өздерінің «Тоталитарная диктатура и автократия» (1956 г.) деген еңбегінде Карл Фридрих и Збигнев Бжезинский сталиндік КСРО, нацистік Германия және фашистік Италияның эмпирикалық негізін салыстыру негізінде тоталитарлық қоғамның белгілерін сипаттады:

  1. Мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы;
  2. Бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі;
  3. Жеке адамға табыну;
  4. Мемлекеттік аппараттың жоғары мәртебесі, мемлекеттің қоғам өмірінің барлық саласына ықпал етуі;
  5. Бұқаралық ақпарат құралдарында плюрализмнің жоқтығы;
  6. Барлық легальды каналдардағы ақпараттың келуін қадағалауында қатаң идеологиялық цензура қолдану. Тәуелсіз ақпаратты таратуға тыйым салу және ол үшін қылмыстық жаза қолдану;
  7. Мемлекеттік пропаганданың үлкен ролі, халық санасына жаппай манипуляция;
  8. Күш көрсету құрылымдарының тарапынан жаппай репрессиялар мен террор көрсету;
  9. Азаматтық құқықтар мен бостандықтардың жойылуы;
  10. Экономиканы орталықтан жоспарландыру;
  11. Билік ететін партияның қарулы күштерді өзіне бағындыру;
  12. Экспансионизмге бет бұру;
  13. Әділет органдарына әкімшілік бақылау;
  14. Мемлекет, азаматтық қоғам мен тұлға арасындағы шекараны жоюға деген талпыныс;
  15. «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тыйым салынады» деген принциптің әрекет етуі.

Белгілі американдық зерттеуші З.Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгілердің бесеуі кездессе, онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.

Тоталитаризм – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы», мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.

Үстемдік жүргізетін идеологияға, оның саяси іс – әрекетінің мазмұнына әсер ететініне қарай тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшыл – социализмге бөледі.

Саясаттанудағы әлемдік практика социализмнің екі түрін ажыратуға мүмкіндік береді: оңшыл және солшыл.

Тоталитаризмнің оңшыл түрі екі формадан — итальяндық фашизм және неміс ұлтшыл — социализмнен тұрады. Оңшыл жаққа жатқызылуының себептері – жеке меншік институты және нарықтық экономиканың сақталуы, экономикалық өздігінен реттелу механизмдерін қолдану.

1922 жылдан бастап итальяндық қоғамның интеграциясы бұрынғы Рим империясының күші мен құдіреттілігін қайта қалпына келтіру идеясымен байланысты болды. Италияда фашизмнің орнауы ұлттық және экономикалық тұтастықты сақтау процесіндегі артта қалушылыққа деген ұсақ және орта буржуазияның теріс реакциясы болатын. Фашизмде ұсақ буржуазиялық топтардың ескі аристократияға деген антагонизм көрініс тапты. Фашизм «ұлттық жанды» қалпына келтіру, жаппай қылмысты ликвидациялау, мәдени және этникалық негізге сүйеніп, коллективті бірізділікті қамтамасыз етуді көздеді. Италиядағы фашистік тоталитаризмнің орнауы елдегі ықпалды топтардың позициясына сәйкес болды: король, аристократия, офицерлік корпус және шіркеу. Режимнің елдегі билікті жүзеге асыра алмауы белгілі болғаннан кейін бұл таптардың өздері Муссолиниді биліктен тайдырды.

Оңшыл тоталитаризмнің классикалық формасы Германияда 1933 жылы пайда болған ұлтшыл — социализм болып табылады. Бұл режимнің орнауы қоғамның либерализм дағдарысы мен әлеуметтік – экономикалық және ұлттық ерекшеліктердің жоғалуына жауабы болды. Германияның бұрынғы күш пен құдіреттілігін қалпына келтіруді арийлік расаның үстемдігі (Х.Чемберлен мен Ж.Гобиноның идеялары) мен өзге халықтарды бағындыру идеясының негізінде жүзеге асыру көзделген болатын. Фашистік қозғалыстың жаппай әлеуметтік базасы жұмыс класына да, аристократияға да, ірі буржуазияға да антагонистік көзқараста қараған ұсақ және орта буржуазия болатын. Фашистік қозғалысқа қосылу ұсақ және орта буржуазияға жаңа әлеуметтік тәртіп орнату және фашистік режим алдындағы өзінің жеке қызметіне байланысты ондағы жаңа статус пен артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік берді. Немістердің ұлттық және әлеуметтік сананың өсуіне Бірінші Дүниежүзілік соғыстағы (1914 – 1918ж.) жеңіліс пен экономикалық дағдарыстың (1929 – 1933ж.) ықпалы зор екенін айта кету жөн. Ұлтшыл – социализмнің фашизммен туыстастығы бар, бірақ дегенмен де, ол көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында.

Ұлтшыл — социалистік идеологияның негізі:

— неміс рейхін қалпына келтіру;

— неміс расасының тазалығы үшін тартыс;

— басқа ұлттарды жою (әсіресе еврейлер);

Оңшыл тоталитаризмнің әлеуметтік тірегі — экстремистік көзқарастағы қоғамның орта таптары; демеушілері – ірі капитал өкілдері.

Солшыл тоталитаризмге кеңес коммунистік режим мен Орталық және Шығыс Еуропадағы, Оңтүстік – Шығыс Азиядағы, Кубадағы режимдерді жатқызуға болады. Ол нарықты мүлдем жоққа шығаратын, үлестіретін жоспарлы экономикаға сүйенген болатын (кейбір мемлекеттерде бұл жүйе әлі де көрініс табуда). КСРО – да әлеуметтік бірізділікке қол жеткізу көзделген. Пролетариаттың мүдделеріне ғана сай келетін түсініктер ғана прогрессивті деп саналды. Бірақ, шыңына келгенде КСРО-дағы жұмыс классы маргиналды болды, себебі оның негізін бұрынғы крестьяндр құрған.

Коммунистік тоталитаризм басқа идеологияларға қарағанда тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады.

Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.

Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.

ІІ. 2. Авторитарлық саяси режим

АВТОРИТАРИЗМ (от лат. autoritas — бұйрық беру, толық билік, ықпал ету) — мемлекеттегі билік бір ғана адам немесе бір ғана орган қолында шоғырланатын билік формасы.

«Авторитаризм» термині ғылыми айналымға Франкфурт мектебінің теоретиктерімен енгізілген.

Авторитаризм – саяси тәртіп, мұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен бірдей билікке деген ұмтылысы көрініс табады. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады.

Өз сипатымен ол тоталитаризм мен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заңмен шектелмейтін билік сипаттамасы, ал демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.